"Ет пен нан": Алматы тұрғындары тамаққа ең көп ақша жұмсайтын өңір аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ет пен нан": Алматы тұрғындары тамаққа ең көп ақша жұмсайтын өңір аталды

"Ет пен нан": Алматы тұрғындары тамаққа ең көп ақша жұмсайтын өңір аталды

Көбінесе ет пен нанға жұмсалады екен.

  • 11 Шiлде
  • 7
Фото: ашық дереккөз

Алматы тұрғындары тамаққа айына 180 мың теңге жұмсайды. Бұл — республикадағы ең жоғары көрсеткіш.

Орташа көрсеткішпен салыстырғанда Алматы тұрғындары 38,2 пайызға артық ақша жұмсайды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімдеді.

Алматыдан кейінгі екінші орында Шығыс Қазақстан облысы — бір адамға 152,1 мың теңге, ал үшінші орында Маңғыстау облысы — 146,7 мың теңге.

Азық-түлікке ең аз қаражат Қызылорда облысында жұмсалады. Бір адамға — 104,6 мың теңге.