Қазақстан жолдарының виртуалды көшірмесі жасалып жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 491.71
  • 529.97
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
10 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан жолдарының виртуалды көшірмесі жасалып жатыр

Қазақстан жолдарының виртуалды көшірмесі жасалып жатыр

Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты автомобиль жолдарының виртуалды көшірмесін әзірлеу жұмысын бастап кетті.

  • 15 Шiлде
  • 1
Фото: Көлік министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жұмыстар жолдардың электрондық паспорттарын әзірлеу жөніндегі жоба шеңберінде жүргізіледі.

Цифрлық балама — жол инфрақұрылымының виртуалды көшірмесі, өз кезегінде жолдағы процестерді басқаруды оңтайландыруға мүмкіндік береді.

Жол ғылыми-зерттеу институтының мамандары 3D бейне сканерлеудің озық технологияын пайдалануда.

жол
Фото: Көлік министрлігі

Әзірленген бағдарламалық құрал ғимараттарды, тротуарларды және белгілерді қоса алғанда, жолдар мен көше жоспарларын көрсетеді. 

Жиналған мәліметтер негізінде жол қызметтері үшін есеп-қисап жасалады.

«Аталған жүйе проблемаларды жеделанықтауға және инфрақұрылымға араласпай-ақ шешім табуға көмектеседі. Технология өзгерістердің салдарларын болжауға мүмкіндік беріп, көше-жол желісінің параметрлерін өлшеу барысында жиналған деректерге негізделеді», — дейді мамандар.

Цифрлық жаңашылдықты енгізу жолдар мен құрылыстардың жай-күйі туралы орталықтандырылған деректер базасын құру арқылы жол желісін басқарудың тиімділігін арттыра түспек.

жол
Фото: Көлік министрлігі

Бұл жаңартылған деректер негізінде жөндеу және техникалық қызмет көрсету жұмыстарын жоспарлауға әрі үйлестіруге мүмкіндік береді. 

Ресурстарды дәл болжау және бөлу арқылы шығындар азаяды деп күтілуде.

Жолдардың жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізу және басқарудың заманауи стандарттарын енгізу инфрақұрылымның қауіпсіздігі мен сапасын арттыруды қамтамасыз етпек.

Деректерді талдау проблемалық аймақтарды анықтауға мүмкіндік береді, ал визуализация жол желісінің жағдайы туралы көрнекі ақпарат ұсынады.

жол
Фото: Көлік министрлігі

Естеріңізге сала кетейік, қазір ҚазжолҒЗИ мамандары көше-жол желісін басқарудың бірыңғай жүйесіне енгізе отырып, еліміздің түрлі өңірлерінде автомобиль жолдарының электронды паспортын жасап жатыр.