Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуға кірісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуға кірісті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиада алдындағы соңғы жаттығуға кірісті

Бокстан Қазақстан әйелдер құрамасы Олимпиадаға дайындықты пысықтау үшін соңғы оқу-жаттығу жиынын бастап кетті.

  • 15 Шiлде
  • 8
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Алматы облысында өтетін жиында бапкерлер тактикалық және психологиялық бағытқа басымдық танытуда.

Қазіргі жиында 28 боксшы болса, оның ішінде үш спортшы Олимпиадаға қатысады: Назым Қызайбай, Карина Ибрагимова және Валентина Хальзова.

Тағы бір айта кетерлік жайт, Парижге әр салмақта жәрдемдесетін спортшылар да аттанады.

Спарринг серіктестер:

50 келі. Гүлнар Тұрапбай

57 келі. Жайна Шекербекова

75 келі. Жасмин Қизатова

Әйелдер командасы Францияға 21 шілде күні жолға шығады.