Ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында журналистің “Гена сізді бәсекелес көре ме”, деген сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Гена екеуміздің арамызда бәсеке бар. Бала кезден бірге өскеннен кейін ой-өрісіміз, сөйлеуіміз, жүрісіміз, мәдениетіміз, түсінігіміз бірдей болды. Бәсекенің арқасында екеуміз осындай деңгейге жеттік. Қазір ол Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы болып отыр. Біраз уақыт өткенде біздің кім болатынымызды бір Алла біледі. Гауһар тас судың астында жатса да, ерте ме, кеш пе оны бәрібір біреу көтереді. Біраз дүние өз орнына келеді, өзгереді деген ойдамын. Бәсеке әлі біткен жоқ. Менің ойымша, бәсеке болмаса ер азамат өспейді”, — дейді ол.
“