"Әжептәуір есі бар еркекті жүндей түтті": Әйтеновтің әйелін абьюзер деп сынаған танымал блогер оған қарсы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Әжептәуір есі бар еркекті жүндей түтті":  Әйтеновтің әйелін абьюзер деп сынаған танымал блогер оған қарсы шықты

"Әжептәуір есі бар еркекті жүндей түтті": Әйтеновтің әйелін абьюзер деп сынаған танымал блогер оған қарсы шықты

Танымал блогер Мөлдір Анарбаева қоғамда орын алып жатқан тұрмыстық зорлық-зомбылық оқиғаларына қатысты өз ойын айтты.

  • 16 Шiлде
  • 474
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Танымал блогер бұл туралы өзінің желідегі парақшасында атап өтті.

«Кешеден бері екіге бөліндік. Еркектерге өшіккендер көппіз. Қоғамда сан түрлі адам бар, рас. Оңбаған әйел де еркек те көп. Ендігәрі ешқандай әйел еркектің қахаң-құйхаңына көнбейтін болды. Ол да жөн болар. Осылай қоғам реттелер. Әйелді сабайтын, оны адам құрлы көрмейтіндерге жақсы сабақ. Ал енді әжептеуір есі бар еркекті жүндей түтетін әйелдерді қайтеміз?! Абьюзер әйелдер бар ма?! Бар!

Еркектің еңсесін басып аламын, десе әйелде көзір көп қолдан келеді. Еңсесін түсірмей ақылмен шешіп бай қыламын десе ол да қолынан келеді. Ойбай кейбір оқиғаларға байланысты. Қазір тағы таланып жатпайық.

Кейбір сәтті күлкіге айналдырып, кейбір мәселенің бытшытын шығарып жіберу өзіңе де оған да жеңіл негізі. Мен түнімен елдегі 70% әйел байын жеккөре ме, деп уайымдап шықтым. Әркім шаңырағынан шаттық тапса екен. Күйеулеріңізді бір мақтап жазыңыздаршы өтініш. Өмірден түңіліп кететін сияқтымыз. Кейбіреулер үшін кейбіреулер зардап шекпесінші. Бар ғой мықты жігіттер. Күн түн демей отбасын асырап, шырылдап, жан-тәнімен қайтсек бақытты боламыз?-дейтін еркектер жоқ емес қой. Жерге ұра бермей бір жақсы қасиеттерін оларды белгілеп тұрып жазайықшы. Еңселерін бір көтеріп тастайықшы», — деп жазды ол.