"Құдалық па, той ма?": Мұғалімдердің аттестациясы нағыз майшелпекке айналды - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Құдалық па, той ма?": Мұғалімдердің аттестациясы нағыз майшелпекке айналды

"Құдалық па, той ма?": Мұғалімдердің аттестациясы нағыз майшелпекке айналды

Әу баста-ақ күмәнді болып басталған бұл тест қазір нағыз майшелпекке айналды.

  • 19 Шiлде
  • 399
Фото: ашық дереккөз

Бірнеше жылдан бері мұғалімдер мен мектеп директорларының біліктілік деңгейін анықтау мақсатында аттестация өткізіліп жүр. Бұл жағдай қоғамның наразылығын тудырды, себебі аттестация жемқорлыққа айналып жатыр, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы журналист Маржан Рақай өзінің фейсбук парақшасында жазды.

Әу баста-ақ күмәнді болып басталған бұл тест қазір нағыз майшелпекке айналды. Неге десеңіз, мұғалімдердің тесттен өтуінен, өте алмай қалуы ықтималдығы жоғары. Бірақ, бірлі-жарымы болмаса, бәрі дерлік өтіп кетеді. Өйткені, осы уақытқа белгілі болған сомадағы “ставкалары” бар. 600 мыңнан басталады.

Бұл ставка мұғалімнің қай дәрежені қорғайтынына байланысты өзгеріп отыратын көрінеді.

Таныс мұғалімдер сол параны беру тәсілін айтып берген еді. Бір күліп, бір жыным келіп…

Мысалы, жас мұғалімдерге шілдехана, одан жоғарылар той, құдалық, сырға салу деген сияқты аттармен арнайы соманы саудаласады екен. Дәрігерлердің пара беруде “пәленше шар үрлеу керек” деген астыртын атауы ғой былайша айтқанда…

«Бұл аттестациялау мұғалімдердің айлығы көтеріле сала пайда болды емес пе? Әрі десе, оны өткізіп, бақылайтын мемлекеттік мекеме емес, арнайы тест орталығы.

Яғни, сол салада жүрген жекелеген адамдардың “бизнесі” ма дерсің?

Білім саласын басқарған өте бір білікті, қулығына құрық бойламайтын әккі басшының ісі ма деген ойым бар…», — деді Жамбылдық журналист.

Мұғалімдерді осы аттестациядан құтқару керек сияқты көрінеді. Өйткені олар жаппай жемқорлыққа бастап бара жатыр…

Әйтеуір таныс іздеп, ақшасын дайындап қойып жүрген ұстаздар… Онсыз да балаларға білім беріп, небір “жынды” ата-анамен тіл табысып, басшылығының еркелігін көтеріп, түрлі тексерістерге тойтарып беріп, шаршап жүрген ұстаздарды одан әрі талауды доғару керек! Тып-тыныш қана балаларға сабағын беріп, тәртіп пен тәрбиеге үйретіп, жоғары айлығын алып жүрсін», — деді ол.

Ал одан қызығы мынау. Гүлмира Абықай фейсбук парақшасында былай деп жазды.

Қордай ауданынан бір директорға білімін жетілдіру аттестацияда мынадай сұрақ келіпті:

Жемқорлық әрекетке кіммен барасың?

А) Өзім

Б) Жақын туысыммен

С) Досыыммен

Д) Делдалмен

Осындай да сұрақ бола ма деп ойлана келе директор кезекшіге “ Мынау дұрыс емес, ешкіммен бармаймын деге нұсқаны ұмытып кетіпті” деп ескертеді. Кезекші “белгілемеңіз, апелляцияға бересіз” деген. Тест аяқталып, әлгі директор аппеляцияға беріп жатса “Бұл болмайды, белгілеуіңіз керек еді, саналмайды” деп 1 балл кем санап, қысқасы тестен өтпей қалыпты.

Сонда облыстық тестілеу орталығы мамандарының салғырттық кесірінен неге ұстаз жапа шегу керек?

«Өзіміз мемлекеттік қызметкер болмаған соң білмейді екенбіз, аттестация деген кей қызметкерлерді өлімге дейін әкелетін атжалман екен ғой», — деді журналист.