Қызылордалық өзінің 21 жастағы әйелін ұрып өлтіріп қашып кеткен - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қызылордалық өзінің 21 жастағы әйелін ұрып өлтіріп қашып кеткен

Қызылордалық өзінің 21 жастағы әйелін ұрып өлтіріп қашып кеткен

Жас қыз өз күйеуінің қолынан қайтыс болған.

  • 22 Шiлде
  • 14
Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысындағы ауылдардың бірінде 26 жастағы жергілікті тұрғын жас әйелін аяусыз ұрып өлтірген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

21 шілде күні таңертең зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың денесі өз үйінен табылды.

26 жастағы Біржан Жаңабай әйелін ұрып өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ол қашып кеткен.

Полиция күдікті қазір ұсталғанын хабарлады.

«Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда», — деп жауап берді Қызылорда облысының ІІД.

Тергеу мүддесі мақсатында қайғылы оқиғаның мән-жайы айтылмайды.