Өзбекстан медициналық қалдықтан жылу энергиясын өндірмек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан медициналық қалдықтан жылу энергиясын өндірмек

Өзбекстан медициналық қалдықтан жылу энергиясын өндірмек

Өзбекстанда америкалық «Sauer» компаниясымен бірлесіп, медициналық қалдықтардан баламалы жылу энергиясын өндіретін «Sayar green» кәсіпорны құрылды. Аталған жобаны іске асыру жөніндегі шаралар президент Шавкат Мирзиёевтің тиісті қаулысымен бекітілді

  • 22 Шiлде
  • 4
Фото: Kazinform

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар. 

Инвестор, жаңа компания және үкімет арасындағы инвестициялық келісімшартқа биыл сәуірде ӨР Инвестициялар, өнеркәсіп және сауда министрлігі қол қойған болатын. Жобаны іске қосу 1 тамызға жоспарланып отыр. 

Қаулыға сай, «Sayar green» компаниясы 2024-2025 жылдар аралығында 7 млн доллар тікелей инвестиция тартуы тиіс. Ол Ташкент қаласы, Самарқан және Бұхара облыстарындағы барлық медициналық мекемелерден шығарылатын 6 мың тонна медициналық қалдықты термиялық әдіспен қайта өңдейді. Тисінше, одан жылына 20 ГВт-сағат жылу энергиясы өндіріледі. 

Келесі кезеңде, яғни 2026-2030 жылдарда компания 108 млн доллар көлемінде тікелей инвестиция тартуды жоспарлап отыр. Оның нәтижесінде кәсіпорын Өзбекстанның барлық өңірлеріндегі медициналық мекемелерден шығарылатын 90 мың тоннаға жуық қалдықты қайта өңдеп, 300 ГВт-сағат жылу энергиясын алмақ.

Ол үшін компанияға 2048 жылға дейін мемлекеттік медициналық мекемелердің аумағынан алаңдар жалға берілмек.

ӨР Экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі министрлігі бөлген арнайы орындарда тұрмыстық қалдық полигондары ұйымдастырылады. 

Жоба аясында фармацевтикалық, биологиялық, ветеринариялық қалдықтарды кәдеге жарататын жоғары температуралы термиялық өңдеу орталықтары құрылады. 

Медициналық қалдықтарды қайта өңдеу есебінен өндірілген жылу энергиясын мемлекеттік медициналық мекемелер мен басқа да ұйымдар арнайы тариф бойынша сатып алады.