Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 400-ден астам грант бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 400-ден астам грант бөлінеді

Бизнес-бастамаларды жүзеге асыруға 400-ден астам грант бөлінеді

Павлодар облысында әлеуметтік қорғалатын топтарға жататын азаматтардың бизнес-бастамаларын жүзеге асыруға 443 грант және жастар үшін 164 жеңілдетілген несие бөлінеді

  • 22 Шiлде
  • 3
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Сaravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жастарға арналған несие көлемі — 5 млн теңгеге дейін. Мамандардың айтуынша, осы жылдың алты айы ішінде 200-ге жуық грант бөлініп үлгерді. Жеке істерін дөңгелеткендердің қатарында көпбалалы отбасылар, мүмкіндігі шектеулі азаматтар, қандастар, мүгедек балаларның аналары болды.

Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, аймақта жұмыссыздық деңгейін азайту бағытындағы жұмыстар жол картасы шеңберінде атқарылуда.

Жол картасы аясында облыста 26 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарланған. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының «10 мың халыққа 100 жұмыс орны» бастамасы бойынша кешенді шаралар қолға алынды. Нақтырақ айтқанда, жеті мыңнан астам бос орынды толтыру қарастырылып отыр. Осы уақытқа дейін жоспардың тең жартысы орындалып, 13 мың адам екі қолға бір күрек тапты. Азаматтардың жартысы тұрақты жұмыс орындарына орналасқан. Жаңа жұмыс орындары құрылған салаларға ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және білім беру жатады. Жұмыссыздықпен күрес ұлттық концепциялар шеңберінде 200-ге жуық жоба жүзеге асырылуда. Олар жұмысқа орналасса да, жалақыларын уақытында алып, нәпақа тауып келеді, — дейді Альмира Дисюпова.

Ұлттық жобалар қатарындағы «Жайлы мектеп», «ауылдық денсаулық сақтауды дамыту» және «Жасыл экономика» тұжырымдамасы бар. Бұл тұжырымдама бойынша бес бірдеу жоба қолға алынып, екі жүзге жуық адам еңбекке тартылды.

Жалпы, аймақта еңбек нарығы тұрақты.