”Ажырасқаннан кейін жүргіш, бұзылған деп ойлайды”: Айгүл Иманбаева жан сырымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Ажырасқаннан кейін жүргіш, бұзылған деп ойлайды”: Айгүл Иманбаева жан сырымен бөлісті

”Ажырасқаннан кейін жүргіш, бұзылған деп ойлайды”: Айгүл Иманбаева жан сырымен бөлісті

Айгүл Иманбаева жалғызбасты әйелдердің мұңын айтып, ол қатарда өзі де бар екенін жасырмады.

  • 23 Шiлде
  • 147
Фото - Caravan.kz

Өнер иесі бұл туралы Instagram желісіндегі парақшасында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Меніңше, біздің қоғамда жалғызбасты әйелдерге орын жоқ сияқты. Себебі, олар өз орнын, өз еншісін тісімен, қолымен жұлып алғандай қып алады. Байқайсыздар ма, қазір қоғамда жалғызбасты аналар, әкесіз бала өсіріп отырғандар көп. Бір сөзбен айтқанда әйел өзін жаралы, керексіз сезінеді. Әрине, ол қатарда мен де бармын. Себебі, ажырасқаннан кейін ішпей-жемей жүргішке, бұзық әйелдің қатарына жатып кетесің. Сені солай есептейді. Той-томалаққа жалғыз барсаң біреудің күйеуін тартып алып қоятындай күйеуі бар әйелдер қызғанады. Біреулері мынау байғұс әлі жалғыз жүр ме дейді. Көп әйелдер осындай мәселелерден қысылады. Сол үшін жалғызбасты әйелге еркектің күшіндей күш, энергия, психология керек болады. Сен еркек бола алмайсың, бірақ өзіңді сыйлатып, балаңды жеткізіп, қоғамда өз орныңды алу үшін мінез, білім керек болады”, — дейді актриса.