"Діннің қадірін кетірді": Интернетте уағыз айтатындар көбейді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Діннің қадірін кетірді": Интернетте уағыз айтатындар көбейді

"Діннің қадірін кетірді": Интернетте уағыз айтатындар көбейді

Подкаст деп айдар тағып, дін жайында сөйлейтіндер көбейді. Бұлай болмайды.

  • 25 Шiлде
  • 11
Фото: ашық дереккөз

Дін, оның ішінде Ислам діні туралы сөйлейтін блогерлер, әлеужелі белсенділері, әншілер мен актерлер, спортшылар көбейді. Бұл жағдай діннің қадірін қашырып болды, деп жазды қоғам белсендісі Азамат Битан өзінің фейсбук парақшасында. Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

«Меніңше, дін туралы жауапты органдардың мақұлдауын алғандар ғана сөйлеуі керек. Діни әдебиеттер сатылымға шықпас бұрын осындай мақұлдамадан өтеді. Егер бетімен кеткен жағдайды реттемесе, бұл қоғамды шатастырып болды. Неше түрлі пікірлер, шектен шыққан теріс әңгімелер еліміздегі діни ахуалды күрделендірді.

Екіншіден, уағыз-насихат тек мешітте айтылуы керек және әлеуметтік желілерде пікір білдіруге арнайы рұқсаты бар имамдар ғана сөйлесін. Мешітте айтылатын уағыздар мүфтиятта бекітіледі. Ал бекітілмеген тақырыпты имамдарға тек жұма намазда емес, басқа уақытта да қозғауына тыйым салынсын. Молдалардың ішінде ұлттық салт-дәстүрден алыс, қазақ халқының мәдениетін білмейтін, сырттан оқып келгенін ақиқат, қалғаны қате дейтіндер жоқ емес. Уағыз, діни әңгіме кез келген жерде айтылмасын.

Подкаст деп айдар тағып, дін жайында сөйлейтіндер көбейді. Бұлай болмайды.

Бұл менің жеке азаматтық пікірім.

Осы постымды көп адам оқып отырғанын білемін. Олардың ішінде лауазымды тұлғалар да бар. Жұмыс істеңіздер. Заман дамып барады. Еңбектеген балаға дейін смартфон ұстайды. Тәртіп керек. Егер әлеуметтік желілердегі осы бардак әрі қарай жалғаса берсе, жақсылыққа апармайды».