Париж олимпиадасына 1 күн қалды: қызық деректер топтамасы - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Париж олимпиадасына 1 күн қалды: қызық деректер топтамасы

Париж олимпиадасына 1 күн қалды: қызық деректер топтамасы

Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады.

  • 25 Шiлде
  • 5
Фото: ашық дереккөз

26 шілде мен 11 тамыз аралығында өтетін Париж-2024 XXXIIІ Олимпиада ойындарының басталуына 1 күн қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Бүкіл әлем халқы көз тігіп отырған шара жөнінде қызық деректер ұсынамыз: 

  • Олимпиада ойындарының ашылуы күні Париждегі әуе кеңістігі жабылады. 
  • Парижді 75 мыңға жуық полиция, сарбаздар мен жалдамалы күзетшілер күзетеді. 
  • Бұл Парижде өткелі отырған үшінші жазғы Олимпиада. 
  • Соңғы халықаралық жарыс Франция астанасында дәл 100 жыл бұрын өткен. 
  • Париж Олимпиадасында 80 қазақстандық спортшы сынға түседі. 
  • Қазақстан құрамасының туын Асланбек Шымбергенов пен Ольга Сафронова ұстап шығады.
  • Алғаш рет қатысушы елдердің спортшылары стадионда емес, Сена өзенінде қайықпен жүзіп өтеді.
  • 206 елден 10,5 мыңға жуық спортшыны тасымалдау үшін 80 қайық іске қосылады. 
  • Олимпиада ойындарына алғаш рет брейкинг қосылды. Жарыс бағдарламасынан карате, бейсбол және софтбол сынды спорт түрлері алынып қалды.
  • Әйелдер алғаш рет жазғы Олимпиадаға 1900 жылдан бастап қатыса бастады. Бұл кезде де жарыстар Парижде өткен. Ол кезде небәрі 13 әйел қатысқан. 
  • 2024 жылғы Олимпиада ойындары – тарихтағы алғашқы гендерлік тең (әйелдер мен ерлер 50 пайыздан) жарыс. 
  • Әйгілі америкалық рэпер Снуп Догг олимпиада алауының эстафетасына қатысады.
  • Бар әлемнен 26 мың журналист аккредитация алған. 
  • Париждегі олимпиадалық ауылда 2 500-ге жуық үй салынды. Ойын кезінде аталған ауыл 14 500 атлетті сыйдыра алады. 
  • Жабылу салтанатында эстафета АҚШ-қа жолданады. 2028 жылғы жазғы Олимпиада Лос-Анджелесте өтеді.