"Ата-анасы қайда қараған": Павлодарда 12 жасар қыз босанды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Ата-анасы қайда қараған": Павлодарда 12 жасар қыз босанды

"Ата-анасы қайда қараған": Павлодарда 12 жасар қыз босанды

Ол оқыған мектеп директоры қызметінен босатылды.

  • 26 Шiлде
  • 15
Фото: ашық дереккөз

Павлодарда 12 жасар оқушы қыз босанды. Бұл жаңалық республиканы дүрліктірді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шарбақты аудандық білім бөлімі оқиғаға қатысты түсінік берді.

Қыздың жасы 12-де. Тамыз айында 13 жасқа толуы тиіс. Оқушы қыздың жүкті екенін мұғалімдері де байқаған.

Артынан мектеп директоры қызметінен кетіп, мұғалімдер қатаң сөгіс алды.

Бұл туралы журналист Оңғар Қабден пікір білдірді.

«Не үшін? Ол оқушы мұғалімдерінен немесе директордан аяғы ауыр болып па? Олай болса облыстық білім бөлімінің бастығынан бастап, осы саланың кураторы облыстың зам әкімі де кетсін жұмыстан! Министр де орнын босатсын!

Баланың ата-анасы қайда қараған? Неге қит етсе директор мен мұғалімдер кінәлі болады? Ата-ананың жауапкершілігі қайда? Бала 24 сағат мектепте болмайтын шығар. Қарамайтыны бар, Балалар Үйіне өткізе салсын», — деп шүйлікті ол.