Ең төмен жалақыны белгілеу туралы заң жобасы әзірленді - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ең төмен жалақыны белгілеу туралы заң жобасы әзірленді

Ең төмен жалақыны белгілеу туралы заң жобасы әзірленді

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі «Дамушы елдерді ерекше ескере отырып, ең төмен жалақыны белгілеу туралы конвенцияны (131-конвенция) ратификациялау туралы» заң жобасын әзірледі

  • 29 Шiлде 2024
  • 21
Kazakhstan money - tenge. 500, 1000, 2000, 5000, 10000 banknotes. Close up of tenge on white background. High quality photo

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Құжат 2024 жылғы 8 тамызға дейін жария талқылау үшін «Ашық НҚА» порталында орналастырылған.

Заң жобасын қабылдау қызметкерлер мен олардың үй шаруашылықтарының қажеттіліктерін ескере отырып, ең төмен жалақының әділ деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді, ең төмен жалақы деңгейін белгілеу бөлігінде халықаралық стандарттарды одан әрі енгізуді қамтамасыз етеді және Қазақстанның осы саладағы халықаралық нормаларды сақтауға және орындауға бейілділігін растайды.

Заң жобасын қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарға әкеп соқпайды.

Құжатпен толығырақ «Ашық НҚА» порталында танысуға болады.