Бақылау камералары автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бақылау камералары автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылуы мүмкін

Бақылау камералары автобустар мен жедел жәрдем көліктеріне орнатылуы мүмкін

Бұл камералар жол ережесін бұзу фактілерін тіркейді

  • 30 Шiлде
  • 2
© Sputnik / Владислав Воднев

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов жол ережесін бұзу фактілерін тіркейтін камераларды қоғамдық және жедел жәрдем көліктеріне орнату бастамасы туралы айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бүгінде қалаларда жол ережелерін бұзу фактілерін тіркейтін 24 мыңнан астам автоматты камера орнатылған. Оған қоса, патрульдік автокөліктер де тура сондай жүйелермен жабдықталып жатыр.

«Бүгін осындай жүйелерді маршруттық автобустар, жедел жәрдем және мемлекеттік автокөліктерге орнату мәселелері пысықталуда. Елімізде осындай құрылғылар өндіретін кәсіпорын ашылды. Сондықтан әкімдіктер тез арада осы құрылғыларды алу қажет», — деді Сәденов үкіметтің бүгінгі отырысында.

Оның айтуынша, осы бастама жүргізу мәдениетін арттыруға және жолда бақылау шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.

Айта кетері, Қазақстанда жыл сайын жол апатынан 2 мыңнан астам адам қаза тауып, 19 мың адам жарақат алады. Бүгінде республикалық жолдардың тек 3 проценті ғана қауіпсіздік талаптарына сәйкес келеді.