«Алла қаласа»: Парижде жеңілген Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы олимпиадаға дайындаламын дейді - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Алла қаласа»: Парижде жеңілген Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы олимпиадаға дайындаламын дейді

«Алла қаласа»: Парижде жеңілген Асланбек Шымбергенов 2028 жылғы олимпиадаға дайындаламын дейді

Қазір спортшы 31 жаста.

  • 31 Шiлде
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бүгін бокстан Ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергеновты жамбылдық жанкүйерлер салтанатты түрде күтіп алды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап.

Былғары қолғап шебері БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында 2028 жылы Лос-Анджелес қаласында өтетін келесі Олимпиадаға қатысуға ниетті екенін айтып, үлкен дайындықты қолға алатынын жеткізді.

«Ешкімге кінә артпаймын. Дайындығымыз жақсы болды. Кінә өзімнен. Тағдырымызға Олимпиада чемпионы болу жазылмаған. Бір Алланың қалауы солай екен. Өздеріңіз көргендей болды. Әлі де еңбек етеміз, қате кемшілікпен жұмыс істейміз. Алла қаласа, 4 жылдан кейінгі Олимпиадаға дайындалдамыз», — дейді спортшы. 

Айта кетейік, 71 келі салмақта шаршы алаңға шыққан қазақстандық боксшы иорданиялық Зейад Йшайшке есе жіберген еді.