Спортшылар бәрін Аллаға жаба беретін болыпты. Олай болса жарысқа қатысудың қажеті қанша? - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Спортшылар бәрін Аллаға жаба беретін болыпты. Олай болса жарысқа қатысудың қажеті қанша?

Спортшылар бәрін Аллаға жаба беретін болыпты. Олай болса жарысқа қатысудың қажеті қанша?

Алла қалауын сонда мұсылмандарға емес, өзіне сенбейтіндерге түсіре, бұра бере ме?

  • 1 Тамыз
  • 45
Фото: ашық дереккөз

Діншіл, сақалдылар күрес пен бокске дендеп кіріп алғаны қашан?!

Неге қазақ жігіттерінің көзінде жанып тұрған от жоқ, неге олар шешуші сәтте сылбыр, қарсыластарының мысын басып, көзбен ақ ішіп-жеп, боз кілемде немесе рингте аруақтанып атой салмайды? Бұл сұрақты Әмірболат Құсайынұлы қойды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Тіптен қарсыластарының күші басым екенін білседе неге жан алысып, жан беріспейді? Жеңсе де, жеңілсе де эмоцияларын ашық шығарып көрсете алмайды. Жасында теперіш көрген жасық бала сияқты. Споршыларымызға қарасаң бойда бар, дене де бар. Техникаларды да үйренген, талай жарысты көріп жүр. Бірақ шешуші сәтте неге мысықтай атылмайды, неге атой салмайды, қарсыластар өздері келетіндей неге уақытты өткізіп ала береді? Сылбыр, шаршап жүреді түнімен жылқы күзеткендей.

Былай ойлаймын кейде: олардың жігерін, намысын үнемі тәубешілдік, сабырлыққа шақыратын діншілдік басып тұратын секілді. Ақыл оларда әу бастан керемет емес, кітапты екібастан аз оқиды. Уақыттары да көп емес шығар. Жарыстардан қажиды, түрлі жағдайлардан қиналады. Сол кезде олар дінге сеніп, бәрін бір Аллаға тапсырып, жандарын тыныштандырады. Діншіл, сақалдылар күрес пен бокске дендеп кіріп алғаны қашан?! Жаттығу кездерінде талтайып тұра қалып намаз оқитынын талай рет көзім көрді.

Ұлым ұлттық құрамадағы дзюдошылармен бір залда жаттықты бірнеше жыл. Жоғары сыныптағылардың арасында да, ересектердің ішінде де діншілерді көп. Ұлымда оларға ермекші болған. «Доғар! Намазда оқымайсың, оразаны да ұстамайсың, ешкімнің уағызын тыңдамайсың, тек сабақ пен жаттығу ғана», — деп қатал ескерттім. Ұстаған оразасын аштырттым.

Аруақ деп атой салғанда кезіндегі Ермахан, Мұхтархандардай намыстары қайнар ма еді?

Біздікі жай ғана ой, нақтысын Нұрлан имам да білмес», — деді ол.