Ақтөбеге Даниядан 148 бас ірі қара жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 464.02
  • 536.18
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Тамыз
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтөбеге Даниядан 148 бас ірі қара жеткізілді

Ақтөбеге Даниядан 148 бас ірі қара жеткізілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. Қазақстанға жіберілгенг

  • 28 Тамыз
  • 1
Фото: ауыл шаруашылығы министрлігі

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанға жіберілгенге дейін жануарлар еліміздің ветеринариялық-санитариялық талаптарына сәйкес 21 күндік карантиндік бақылаудан өтті.

Қазіргі уақытта мамандар ілеспе ветеринариялық құжаттарды тексеруде. Келесі кезеңде жануарларға физикалық тексеру жүргізіледі. Бұл ретте жануарлардың денсаулық жағдайы, бірдейлендіру нөмірлері және ұсынылған құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі.

Ветеринариялық бақылау нәтижелері оң болған жағдайда, ірі қара Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында орналасқан «Арыстанов» шаруа қожалығына жеткізіледі