Бұл туралы ол «Спорт министрі» You Tube арнасына берген сұхбатта айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
«Елдоспен психологиялық тұрғыда көп жұмыс істедік. Елдос кішкентайынан ызақор еді. Кішкентайынан мен оған дем беріп отыратынмын. Сол ызақорлығы бойында сақталып қалды. Оның ызақор екенін білгеннен кейін соны оятып отырдым. Спортта адамға мінез керек, мінез болмаса болмайды», — дейді чемпионның жеке бапкері.
Ғалымжан Жылгелдиев көреалмаушылықтың әсерінен Париж Олимпиадасына келу келмеуі екіталай болғанын да жасырмады.
«Бұған дейін Олимпиаданы сыртынан тамашалап жүрдім. Бәрінде ұқсас жағдай болды. Қазаққа біткен көреалмаушылық бар ғой. Елдос ғана емес,көп шәкірттерім әлемдік додаларда жүлделі орындар алып, тарих жаңартып жатқаннан кейін тегіннен тегін емес қой деп ойлаған шығар. Мен өзімнің бар білгенімді, кезінде өзіме жетпеген дүниелерді Елдосқа бердім», — дейді ол.