Алаяқтар ХҚО сайты бұзылғаны жайлы жалған хабар таратты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алаяқтар ХҚО сайты бұзылғаны жайлы жалған хабар таратты

Алаяқтар ХҚО сайты бұзылғаны жайлы жалған хабар таратты

Әлеуметтік желіде халыққа қызмет көрсету орталықтарының сайты бұзылғаны туралы ақпарат тарады.

  • 2 Тамыз
  • 12
Фото: stopfake.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

WhatsApp әлеуметтік желісі арқылы тарап жатқан аудиожазбада полициядан ХҚО сайтының бұзылғаны жөнінде хабар түскені, соған байланысты eGov mobile арқылы 1414-тен хабарлама келсе, ешқандай сілтемеге кірмеу керектігі айтылады. 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша филиалының баспасөз қызметі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын жеткізді. 

«Мемлекеттік корпорация ХҚО-ның бірыңғай сайты жоқ екенін хабарлайды. Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметті өз орындарында көрсетеді. Мемлекеттік қызметтерге онлайн тапсырысты электрондық үкімет порталы немесе eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы беруге болады. 1414-тен жіберілген хабарлама жалған емес. Бұл хабарлама eGov mobile-да тіркелмеген пайдаланушыларға түсті. Аталмыш мобильді қосымша сауалнамалардан өту үшін, сондай-ақ жаңалықтар туралы хабарлау үшін әртүрлі өмірлік жағдайларда жеке SMS және push-хабарлама жібереді» деп хабарлады ведомстводан.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстанда ХҚО операторларына 300 мыңға жуық бейнеқоңырау түскенін жазған едік.