Жансая Қамашева: Өзіңізге сеніп, мүмкіндігіңізге ешқашан күмәнданбаңыз. Қалаған нәрсеңізге қол жеткізе аласыз" - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-6 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жансая Қамашева: Өзіңізге сеніп, мүмкіндігіңізге ешқашан күмәнданбаңыз. Қалаған нәрсеңізге қол жеткізе аласыз"

Жансая Қамашева: Өзіңізге сеніп, мүмкіндігіңізге ешқашан күмәнданбаңыз. Қалаған нәрсеңізге қол жеткізе аласыз"

Жансая Қамашева – Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиаты. 20 жастағы бойжеткен Қазақ бас сәулет-құрылыс академиясының (ҚазБСҚА) «Құрылыстағы экономика және менеджмент» мамандығында 3 курста оқиды.

  • 2 Тамыз
  • 13
ФОТО: fnn.kz

Топ старостасы Жансая 1 курстан бастап жоғары шәкіртақы алып келеді, жоғары оқу ордасындағы іс-шараларға белсенді қатысады. Сапалы білім мен Жансая жалпы алғанда, ажырамас ұғым – дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатты «Алтын белгімен» бітірген. Сондай-ақ, Жансая техникалық пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жүлдегері.

— Шығармашылықты және онымен байланысты барлық нәрсені жақсы көремін. Музыкалық мектепті фортепиано және вокал мамандығы бойынша бітірдім. Өлең жазғанды, оқығанды, тіл үйренгенді және торт пісіргенді ұнатамын. Модельдік бизнес те шығармашылық жұмыс, маған ұнайды. Сондықтан сұлулық байқауларына қатыстым, модельдеу агенттігінде оқыдым, сонымен қатар, шешендік, актерлік курсын оқып, фотоға түсуді үйрендім. ҚазБСҚА-да көптеген шығармашылық іс-шараны ұйымдастырдым. Мен үшін де, қоғам үшін де пайдалы тағы бір хоббиім – ерікті болу. Еріктілердің талай жобасына қатысып, алғыс хат алдым, — дейді Жансая.

Жансая Қордың жобаларына бірнеше рет қатысқан. 2021 жылы «Елбасы медалі» медалімен, төсбелгісімен және дипломымен марапатталды.

— Нұрсұлтан Назарбаев Қорының стипендиясы туралы жоғары оқу орнына түсер алдында біліп, соны аламын деп мақсат қойдым. Бұл байқау оңай емес. Үш жылдық оқу барысында грамоталар, мақалалар, дипломдар мен баяндамалар мен көптеген ұсыныс хатты жинау қажет болды. Уақыт өткен соң сол жұмыстарға қарап, мұның бәрі бекер емес екенін түсіндім, — дейді біздің стипендиат.

Жансая бүгінде мемлекет жас буынды қолдау үшін барлық мүмкіндік жасап отыр деп санайды. Оның пікірінше, жастар адал еңбекті бағалап, рухы мықты болып, дамып, мұнымен тоқтап қалмауы керек.

— Баршаңыздың бастамаларыңызға сәттілік пен табыс тілеймін! Өзіңізге сеніп, мүмкіндігіңізге ешқашан күмәнданбаңыз. Қалаған нәрсеңізге қол жеткізе аласыз, – дейді Жансая Қамашева.