Әлем боксы дамып жатыр. Қазақтың мықты жаттықтырушылары жұмыссыз жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Әлем боксы дамып жатыр. Қазақтың мықты жаттықтырушылары жұмыссыз жүр

Әлем боксы дамып жатыр. Қазақтың мықты жаттықтырушылары жұмыссыз жүр

Спорт министрлігінен Арыстанбек Мұхамедиұлы кеткелі қазақ спорты құлдырады, деп жазды Оңғар Қабден.

  • 5 Тамыз
  • 13
Фото: коллаж caravan.kz

Әлем боксы дамып барады. Біздің бокс тұралап қалды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналист Гүлмира Абықай қазақтың мықты жаттықтырушылары жұмыссыз жүргендері жайлы жазды.

«Бұрын қарсылас құрлы көрмейтін елдер бізді басып озуда. Әр аймақтың бокс мектебі де сұйылып кетті. Бұрын әр жақтың өз соққысы, әдіс пен қулығы болатын. Қазір бәрінің қимылы ортақ, бір ұрыс.

Мен ғана емес кешеден бері бокстың тарландары талқылап жатқан тақырып бұл!

Мәселен, былғары қолғап тарихындағы айтулы жаттықтырушы Тұрсынғали Еділов ағамыз қазір жұмыссыз, бос жүр. Ал, 90-шы жылдың соңы мен 2000 басындағы отандық боксерлер шоғыры дәл осы адамның жаттығуынан өтіп, топ жарған еді.

Б. Саттарханов, Е. Ыбырайым алтын алып, В. Жиров сынған қолымен Атлантаның үздік боксеры атанып, Б. Артаев мызғымас кубалықты ұрып жығып, Б. Сәрсекбаев Пекинде бәрін нокаутқа ұшырған жылдар еді бұл.

Алтындар жақсы, жаттықтырушы жаман ба? Нағыз бабында, ұстаз ретінде қауқарында бола тұра қазір Тұрсынғали ағамызды керек еткен ұлттық спорт жоқ?

Жеңсең — батырсың, жеңілсең бәрі жек көріп кетеді дейді келесі спортшы Алмас Өтешов. Кезінде 230 кило салмақты оңай еңсерген ауыр атлетикадан еңбек сіңірген спорт шебері қазір ешкімге керексіз, күзетші болып жүр.

Бокстан ұлттық құрама команданың бас жаттықтырушысы сапында 2009 жылдан бері жүрген Мырзағали Айтжанов “жігіттер ұятқа қалдырған жоқ, бәрі жақсы бокстасты” дейді.

Бұл сәтте Париждегі өзбек жанкүйерлері бір көшеге бірі қалмай жиылып жеңіскер спортшыларын қолдап бөріктерін аспанға атуда.

P.S. Жеңісті күндерде жолыққанша дейтін Амангелді ағамның тілеуі де жетпей тұрғандай», — деді журналист.