Жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+26 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шықты

Жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына шықты

Қазақстандық жеңіл атлет Нора Джеруто Париж Олимпиадасының финалына жолдама алды.

  • 4 Тамыз
  • 5
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін әйелдер арасында 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Олимпиаданың іріктеу айналымы өтті. Бұл бәсекеде Қазақстан атынан Нора Джеруто мен Дейзи Джемпекей сынға түскен болатын. 

Іріктеу қорытындысы бойынша Нора Джеруто финалға жолдама алды. Ол өз тобында мәреге бесінші болып келді. Джерутоның уақыт көрсеткіші – 9:16.46. 

Өкінішке қарай, осы қашықтықта бақ сынаған тағы бір қазақстандық спортшы Дейзи Джемпекей финалдан сырт қалды. Ол өз тобында мәре сызығын оныншы болып кесті. Джемпекейдің уақыт көрсеткіші – 9:24.69.