Болашақта тіс дәрігерлері жұмыссыз қалуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Болашақта тіс дәрігерлері жұмыссыз қалуы мүмкін

Болашақта тіс дәрігерлері жұмыссыз қалуы мүмкін

Робот дәрігерлер уақытты үнемдеп қана қоймай, жалпы стоматологиялық қызметтердің құнын төмендетуге мүмкіндік береді.

  • 5 Тамыз
  • 12
Фото: ашық дереккөз

Бостонда жасалған робот тіс дәрігері алғаш рет адам емдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Құрылғы жұмысты сегіз есе жылдам, өнімді орындауымен ерекшеленді. 

Жасанды интеллект тіс дәрігерінің бірінші міндеті тісті коронкаға дайындау болды.

Қалыпты жағдайда бұл шамамен екі сағатты алады. Одан бөлек, бұл процедура үшін ем алушы дәрігерге екі рет келіп қаралуы қажет. Бірақ робот мұны шамамен 15 минут ішінде жасап бітірді.

Әзірлеушілердің айтуынша, олардың роботы кариесті автоматты түрде шамамен 90% дәлдікпен табады. Ал 3D сканерінің арқасында ауыз қуысының егжей-тегжейлі моделін нақты жасай алады екен.