"Орамал құтты болсын": Айгүл Иманбаева көп жылдан кейін қайта тұрмысқа шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Орамал құтты болсын": Айгүл Иманбаева көп жылдан кейін қайта тұрмысқа шықты

"Орамал құтты болсын": Айгүл Иманбаева көп жылдан кейін қайта тұрмысқа шықты

Танымал актриса, өнер майталманы Айгүл Иманбаева Сәбит Әбдіхалықовтан кейінгі сәтсіз некесінен соң, тағы да тұрмысқа шықты.

  • 5 Тамыз
  • 15824
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы оның өнердегі құрбысы Ақбота Керімбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Ақбота Керімбекова бұл туралы өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлымыз Асёкайды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен-үлкен жобалармен жұмыс жасап жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін🙏🏻 Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын!», — деп жазды әнші.