”Суррогат ана туып берген сияқты”: Үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызы ел талқысына түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Суррогат ана туып берген сияқты”: Үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызы ел талқысына түсті

”Суррогат ана туып берген сияқты”: Үшінші рет ана атанған Баян Мақсатқызы ел талқысына түсті

Танымал продюсер Баян Мақсатқызының үшінші рет сәби сүйгенін көпшілік қызу талқылап жатыр.

  • 6 Тамыз
  • 18545
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесі екінші рет тұрмысқа шығып, жеті жылдан кейін қызды болды. Алайда желі қолданушылары “суррогат ананың” туып бергенін болжап жатыр. 

“Қызы Айсәуле туды ма деп ойлап қалдым”, “50 жастағы ананың босануы мүмкін емес”, “Суррогат ана туып берген сияқты”, “Күні кеше ғана сұхбат берді, ол кезде ешқандай іші білінген жоқ”, “Әрі жас әже, әрі жас ана болып отыр”, “Қызымен жарысып туды деген осы”, – деп жазып жатыр оқырман қауым. 

Алайда продюсердің әріптестері жаңалыққа қуанып, жаппай бөлісіп жатыр. Блогер Айсәуле Бақытбек те желіге жазба жариялап, анасының қуанышын растады. 

“Сіңлім екеуміздің арамыз – 28 жас. Біз сені күттік. Біздің көңілді отбасыға қош келдің! Мен әлі босанбадым. Жұрт мені босанды деп ойлап қалыпты. Бұл біздің қызымыз емес, мама мен Тұрсен ағаның қызы”, – деп жазды блогер.