“Шәкіртім Ермахан алтын алғанда да пәтер алмадым”: Чемпиондарды тәрбиелеген Тұрсынғали Еділов еден жуып жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Шәкіртім Ермахан алтын алғанда да пәтер алмадым”: Чемпиондарды тәрбиелеген Тұрсынғали Еділов еден жуып жүр

“Шәкіртім Ермахан алтын алғанда да пәтер алмадым”: Чемпиондарды тәрбиелеген Тұрсынғали Еділов еден жуып жүр

Еліміздің еңбек сіңірген жаттықтырушысы, бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері болған Тұрсынғали Еділов Париж Олимпиадасындағы боксшылардың өнеріне қатысты өз ойын айтты.

  • 7 Тамыз
  • 240
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Біз Ташкенттегі әлем чемпионатына жастарды апаруымыз керек еді. Асланбектің жүргеніне 12 жыл болды. Ат та мұнша уақыт шаппайды ғой. Осы жерде бас бапкердің білімі керек. Біз көп ақша алады деп футболистерге ренішімізді айтамыз. Негізі боксшылар олардан көп алып жүр. Қандай спорттық кешендер салынып жатыр. Біз қазір тек бас бапкерге сенеміз. Федерациядан бастап жоғалтып алып отырмыз. Токиодан бастап ауыстыру керек еді. Қоңқабаев не үшін керек? Біздің боксшылар тойып, семіріп алған. Аш боксшыларды әкелу керек. Хасанбой мен Сәкеннің кездесуінде Хасанбой анық жеңді. Сәкен жеңіп еді деген далбаса сөз. Төрешілер де жынды емес қой”, — дейді ол.

Бекзат Саттарханов, Ермахан Ибрагимов секілді Олимпиада чемпиондарын тәрбиелеген Тұрсынғали Еділов еден жууға арланбайтынын да жасырмады.

”Өзім осы спортзалдың екінші қабатында өзім тұрамын. Үшінші қабатында спортсмендер жатады. Мына залдың полын өзім жуамын. Кешке балалар келгенде ауасы таза болсын деп жуып қоямын. Онда тұрған ештеңе жоқ. Бәріміз топыраққа түсеміз. Адам болып қалу үшін бәрін істеу керек.

Іште бір әттеген-ай бар. Өзімнің жуастығымнан да шығар. Шәкіртім Ермахан Атлантадан алтын әкелгенде бір пәтер алмадым. Ал, Сиднейден алтын әкелгенде үкіметтен 100 мың доллар алдым. Соған да рақмет”, — дейді ол.