"Бір шенеунікке ұнамай қалып, еден жуып жүр": Танымал журналист еліміздің бокстан ең мықты бапкерінің қазір қайда жүргенін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-3 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Бір шенеунікке ұнамай қалып, еден жуып жүр": Танымал журналист еліміздің бокстан ең мықты бапкерінің қазір қайда жүргенін айтты

"Бір шенеунікке ұнамай қалып, еден жуып жүр": Танымал журналист еліміздің бокстан ең мықты бапкерінің қазір қайда жүргенін айтты

Белгілі журналист, тележүргізуші Ерболат Мұхамеджан Қазақстанның боксшыларын дайындап, зор жетістіктерге жеткізген Тұрсынғали Еділовке жасалған қиянат туралы айтты.

  • 7 Тамыз
  • 418
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Азаматтың сағын сындырып, арын таптамау керек. Арты жақсылыққа әкелмейді! 

Нұрсейіт Жылқышыбай досым бокстан Қазақстан құрама командасының бас бапкері болған Тұрсынғали Еділовтен алған сұхбатын көріп шықтым. 

2000 жылғы Сидней олимпиадасы менің замандастарымның есінде шығар. Ермаханмен Бекзат марқұм алтын, Болат пен Мұхтархан күміс алған кездегі балалық қуаныш өзімнің есімнен кетпейді. Бірақ рингтің бұрышында бір көзін қысыңқырап қарап тұратын мұртты ағамызды көбіміз ұмытып кеттік…

Ағамызға жасалған қиянатты естігенде, өзекті өртейді. Шакалдар болған, бола береді. Бір шакалды сындырсаң, артынан оны шығады. Бір шенеунікке ұнамай қалғаны үшін, бас бапкерліктен қуылған. 

2004 жылғы олимпиадаға тренер ретінде барғысы келгенде Қазақстан олимпиада комитеті аккредитация бермеген. Кейін Қырғызстаннан аккредитация сұрап, олимпиадаға барған. Кейін сол олимпиадаға барғанына өкінген… Себебі бейджигінде Қырғызстан бокс федерациясы деп жазылған. 

Ауыр сұхбат. Сабақ алатын жерлері өте көп. Еден жуып жүргенін ар санамайтынын айтқан кезде, ауылдағы кеңес бокс мектебінен өткен тренерім есіме түсті. 

Егер Еділовтің орнында басқа біреу болса баяғыда құсалыққа салынып кетер ме еді. Ал Еділов сағы да, ары да сынбайтын мінезді азамат! Қазақ боксерлары барып басын иетін азамат!», — деп жазды ол.