Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9-10 тамыз күндері Жапония премьер-министрі Фумио Кишида Қазақстанға ресми сапармен келеді, деп хабарлады Ақорда.
9 тамызда Астана қаласында «Орталық Азия + Жапония» диалогының бірінші саммиті өтеді.
10 тамыз күні Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жапония премьер-министрі Фумио Кишида екіжақты келіссөздер жүргізеді деп жоспарланып отыр.