“Сәттілік жетіспеді”: Айтжанов Париж Олимпиадасында боксшылардың алтынсыз қайтуының себебін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+24 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Сәттілік жетіспеді”: Айтжанов Париж Олимпиадасында боксшылардың алтынсыз қайтуының себебін айтты

“Сәттілік жетіспеді”: Айтжанов Париж Олимпиадасында боксшылардың алтынсыз қайтуының себебін айтты

Бокстан Қазақстан құрамасының бап бапкері Мырзағали Айтжанов Париж Олимпиадасын қорытындылап, жанкүйерлерден кешірім сұрады.

  • 8 Тамыз
  • 37
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

”Әлемнің мықты боксшыларының бірі Хижняк бұның алдында біздің талай боксшылармен жұдырықтасқан. Жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы, Олимпиада чемпионы Лопесті де ұтты. Бұл кездесуге екі күн тыңғылықты дайындалдық, айла-тәсіл қойдық. Кейбір жерде әрине, біз ойлағандай болған жоқ. Бірақ, жалпы тапсырманы дұрыс орындап шықты. Жалпы жекпе-жек өте тартысты өтті. Нұрбекке мен ғана емес, өзге елдің бапкерлері де өте жақсы баға беріп жатыр. Нұрбек барын салды. Біздің жекпе-жектерге жанкүйерлердің көңілі толмағанын түсінемін. Сол үшін кешірім сұраймыз. Ешкім ұтыламын деп келген жоқ. Жігіттердің бәрі барын салып жұдырықтасты, дайындық жақсы болды. Сәттілік жетіспеді деп ойлаймын. Бізге жақтаспады деп әңгіме айтпаймын, ешкімді кінәламаймын. Мен ондайға үйренбегенмін. Бәрін өзімізден көреміз, бұйырмаған шығар, кем-кетік болған шығар. Небір әңгімелерді естіп жатырмыз, шаршады, дайындық нашар деген. Жігіттердің ешбірі шаршаған жоқ. Бүкіл әлем, осы жердегі әріптестерім біздің спортшыларға риза болып жатыр. Олар жеңістеріңді алып қойды ғой десе, біздің ел бізді даттап жатыр. Осындайда қалай ел боламыз деп ойлаймын. Барлық жанкүйерлерге рақмет. Мүмкін, елдің намысын ойлағаннан кейін солай айтып жатқан шығар. Қазақпыз, бір-бірімізді осындайда қолдамағанда қашан қолдаймыз?! Бұл Олимпиадада біз күтпеген сенсациялар көп болды. Әлемнің бес дүркін, Олимпиаданың екі дүркін чемпиондары да жүлдеге  іліге алмай қалды. Бұл Олимпиада барлығымызға сабақ болды. Желеу іздемеймін, кінә өзімізден”, — деді бокстан Қазақстан құрамасының бап бапкері.