«Қазақтарды қалай басқару керек?» кітабының авторы: "Отбасыңмен бірге бауыздаймыз" деп қорқытты - kaz.caravan.kz
  • $ 487.24
  • 529.34
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Қазақтарды қалай басқару керек?» кітабының авторы: "Отбасыңмен бірге бауыздаймыз" деп қорқытты

«Қазақтарды қалай басқару керек?» кітабының авторы: "Отбасыңмен бірге бауыздаймыз" деп қорқытты

"Қазақтарды қалай басқару керек?" кітабының авторы Бақытжан Бұқарбай кітапқа байланысты шу шыққалы оны "бауыздаймыз" деп қорқытқандар барын айтты.

  • 8 Тамыз
  • 898
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Airan» Youtube арнасына берген сұхбатында айтты, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Жеке басыма қатысты, отбасыма қатысты қоқан-лоққы жасалды. «Отбасыңмен бірге бауыздаймыз» деген қоқан-лоққы болды. Бот бар, әдейі жазғандар болуы мүмкін деп әлеуметтік желідегі парақшамда видео жариялап қойдым. «Отбасыңмен бірге бауыздаймыз» деген кез келген жағдай да бұл артық әңгіме. Бұған отбасымның қатысы жоқ дегендей. Мәлімдемені жариялағаннан кейін қала басшылығы үйіме патруль қойып қойды. Жеке өзіме арнайы хабарласап, «кездесейік» деген ешкім болған жоқ», — деді баспагер.