Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
”Медаль алмағандарға да көлік сыйлап жатқан жомарт қазақ, қоланы алтынға бергісіз етіп, қарсы алып жатқан қазақ, тіпті 9-орын алып келген спортшыға Астанадан пәтер беріп жатқан қазақ, бір Нариманға келгенде, тарылғандары қынжылтты..
Күміс әкелді ғой, елге! Гимнастикадан ешкім жетпеген жетістікке жетті. Сол жетістік тақиямызға тар кеп тұр ма? Айналдырған 7 медаль, өзі. Ұлтына қарап, алалағандай болдық қой, ұят болды..Атымызға, елдігімізге сын болды. Қазаққа күйеу бала болады екен, легионер емес, өзіміздің бала ғой. Туымызды арқасына жамылып, мәз боп жүрді, олимпиада төрінде.
Біздің қазақта жомарт азаматтар аз емес, әлі де басқаларға көрсеткен сый-құрметті жасауға кеш емес. Ұят болмасын, ағайын”, — деп жазды заңгер.