"Қап-қара жүн беттерінен жүрек айниды, сақалдары қауғадай": Журналист қазақ спортшыларының олимпиадада діннің кесіренін жаппай ұтылғанын ашық айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Қап-қара жүн беттерінен жүрек айниды, сақалдары қауғадай": Журналист қазақ спортшыларының олимпиадада діннің кесіренін жаппай ұтылғанын ашық айтты

"Қап-қара жүн беттерінен жүрек айниды, сақалдары қауғадай": Журналист қазақ спортшыларының олимпиадада діннің кесіренін жаппай ұтылғанын ашық айтты

Танымал журналист Арман Әубәкір қазақ спортшыларының Париж олимпиадасында әсіре діннің кесірінен ұтылғанын айтты.

  • 15 Тамыз
  • 246
Фото - Caravan.kz

Ол бойында рухы жоқ спортшылар қазақ елін бүкіл әлемге масқара қылғанын жеткізді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы журналист өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Баяғыда мешітке барып тұрушы едік қой. Имамдар тозақпен қорқытқанда алдына жан салмайды. “Тырнаққа ине кірсе қалай ауырады? Елестетші. Ал енді сені турап-турап, табаға салып шыжғырып жатыр…” деп қорқытады. Нұр-Мүбәрәк университетінің қасындағы мешітке ҚазҰУ студенттері мен Республикалық спорт мектептің балалары барады (көбіне спорт мектебінің оқушылары). Зіңгіттей спортшылар уағызға ұйып, имамның айтқанына кәміл сенеді. Үрейлері ұшып қорқып отырады. Мешітке еңсесін көтеріп тік кірген жастар бастарын салбыратып, бүкшейіп рухтары сынып шығады. Одан олар өмірді емес, өмірдегі түрлі (спорттағы да) жетістіктерді емес, о дүниедегі жұмақты аңсайды. Тозаққа түсіп қалмайын деп уайымдап жүреді. Фокустары — спортта емес, жарыста емес, о дүниеде. Алдыңғы толқын ағалардың рухын орыс отаршылдығы сындырса, жастардың рухын діни наным-сенім күйретіп жатыр. Үрей, қорқыныш, стресс кезінде ағзада зиянды картизол гармоны бөлініп, күш-қуат беретін тестостерон гармонын басып тастайды. Бұрын “Әруақ” деп бабаларымыз жауға шапқан. Қазір спортшыларда “Әруақ” деген ұғым жоқ. Кешегі Олимпиадада спортшылар күштері тең болып тұрып ұтылып қалып жатты. Себебі, бойында рух жоқ, көздерінде от, көкрегінде жалын жоқ. Дін рухтарын сындырып тастаған. 
Атой салып белдескен балуан, жұдырықтасқан боксшы көрмедік. Дін кей спортшыларымыздың бойындағы отаншылдық сезімді де түбегейлі жойып тастаған. Чемпионымыз “Артымда Алаш елім тұрды! Қазақ елінің абройын асқақтаттым!” деп айта алмады. “Алланың қолдауы”, “Алланың қалауы” деп жауапкершілікті арқалаудан жалтарады. Бәрін Алла шешіп жатса, өздері не істеп жүр? Бәрі Алланың қалауы болса, діні басқалар қалай жеңіске жетіп жатыр? Сақалдары қауғадай. Спортшы емес, қарақшы сияқты. Қап-қара жүн-жүн беттерінен жүрек айниды. Сол сақалмен ұялмай-қызармай, әлемдік аренада жүр. Айналайын-ау, айна болса, соған бір қарап “түрім қандай еді?” деп ойлануға да бас керек пе? Сақал қойып, мұртты қырып тастау дәстүрімізде де, болмысымызда да жоқ. Бұл спортшылар қазақты бүкіл әлемге салафит, діни фанатик ретінде танытты. Басқа түк емес», — деп ашынды ол.