Қыздарым тоқал боламын десе, рұқсатымды беремін - Дарын Мубаров - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қыздарым тоқал боламын десе, рұқсатымды беремін - Дарын Мубаров

Қыздарым тоқал боламын десе, рұқсатымды беремін - Дарын Мубаров

Танымал уағызшы Дарын Мубаров күтпеген мәлімдеме жасады.

  • 15 Тамыз
  • 200
Фото - Caravan.kz

Ол “Уақыт көрсетеді” бағдарламасына берген сұхбатында қыздарын өзі танымайтын адамдарға ұзатпайтынын айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. 

”Қыздарым өз еркімен екінші әйел болып тұрмысқа шығамын десе, рұқсат беремін. Себебі, бұл жердегі басты сұрақ кімге шығайын деп жатыр? Егер аманат дегенді біліп тұрса болды. Мен қыздарымды берген құдаларым өзім танитын адамдар. Бейтаныс жерге қыз бере қоймаймыз. Кеңес үкіметінде біраз уақыт өмір сүргеннен кейін біздің қазіргі түсінігімізде көп әйел алу жабайылық болып қалған шығар, бірақ тарихқа үңілсек Бәйдібек атамыз бір әйелмен шектелсе, қазақтың іргесі кеңейе қояр ма еді?! Сондықтан Бәйдібектей тақуа болса, ешқандай қарсылығым жоқ. Көбіне жас қыздар екінші болып шыға қоймайды ғой. Жас қызды бойдақтар сұрап келеді”, — дейді ол.