Биыл жалпы құны 1,3 трлн теңге болатын 180 жоба іске қосылады - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл жалпы құны 1,3 трлн теңге болатын 180 жоба іске қосылады

Биыл жалпы құны 1,3 трлн теңге болатын 180 жоба іске қосылады

Биылғы жобалар пулында 1,3 трлн теңгені құрайтын 180 жоба бар.

  • 16 Тамыз
  • 7
Фото: primeminister.kz

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы kazinform.kz-ке сілтеме жасап.

«Биылғы жобалар пулында 1,3 трлн теңгені құрайтын 180 жоба бар. Бұл жобалар іске қосылғанда, 15 мыңнан астам тұрақты жұмыс орны ашылады. Жыл басынан бері 158 млрд теңгеге 43 жоба іске қосылып, екі мыңдай жұмыс орны ашылды», — деді министр.

Қанат Шарлапаевтың дерегінше, іске қосылған жобалардың қатарында Маңғыстау облысындағы КазАзот аммоний сульфаті, Қызылорда облысындағы Orda Glass энергия үнемдейтін шыны, Батыс Қазақстан облысындағы Каспи Мұнай Капитал мұнай газ жабдықтар өндірістері бар. Бұл жобалардың негізгі мақсаты – импортты алмастыру.

«Сонымен қатар, жыл соңына дейін Шымкент қаласында Wan Sheng Ceramic керамикалық плиткалар өндірісі, Қостанай облысында KamLitKZ жүк автомобильдер компоненттерінің өндірісі, Қостанай облысында Пружина теміржол вагондарына арналған пружиналар өндірісін іске қосу көзделген», — деді ол.