“Парижде жүлде алған спортшылардан короновирус анықталды”: Тоқаев спортшылармен қашан кездеседі - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Парижде жүлде алған спортшылардан короновирус анықталды”: Тоқаев спортшылармен қашан кездеседі

“Парижде жүлде алған спортшылардан короновирус анықталды”: Тоқаев спортшылармен қашан кездеседі

Парижде өткен Олимпиада ойындарында жүлделі орын алған спортшылар мемлекет басшысымен тамыз айының соңында кездеседі.

  • 16 Тамыз
  • 30
Фото - Caravan.kz

Берік Уәлидің айтуынша, спортшылар мен олардың бапкерлерінен короновирус инфекциясы анықталғандықтан іс-шара кейінге шегерілген, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

“Өздеріңізге белгілі, Президент кеше Париж Олимпиадасының жүлдегерлері мен бапкерлер құрамын мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды. Қасым-Жомарт Кемелұлы Ұлттық құрама мүшелерімен бүгін кездесуді жоспарлаған болатын. Өкінішке қарай, атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталды. Сол себепті кездесу кейінге шегерілді. Спортшылар мен бапкерлердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз.

Мемлекет басшысы Олимпиада жүлдегерлерін міндетті түрде қабылдайды. Кездесу тамыз айының соңында Ақордада өтеді деп жоспарланып отыр», — деді ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы.