Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды

Биыл көпбалалы отбасылар қанша жәрдемақы алды

2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 583,4 мың отбасы жалпы сомасы 274,8 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде шілде айында 577,1 мың отбасыға жалпы сомасы 38,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді

  • 19 Тамыз
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.

Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:

— 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге;

— 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге;

— 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге;

— 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге;

— 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді.

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.

Биыл көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы төлеуге 474,8 млрд теңге қарастырылған.