Теміржол компанияларына тықыр таяды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+2 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Теміржол компанияларына тықыр таяды

Теміржол компанияларына тықыр таяды

Ведомство өкілдері тексеріс барысында бір пойыздың өзінен 14 түрлі заңбұзушылық анықтапты.

  • 19 Тамыз
  • 6
Фото: ашық дереккөз

Елімізде шойын жолмен жолаушы тасымалдайтындарға субсидия беру мәселесі қайта қаралады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы. Бұл туралы КТК жаңалықтар қызметі мәлімдеді.

Жаз бойы пойыздарды жіті тексеріп жатқан Теміржол және су көлігі комитеті осындай тоқтамға келген.

Ведомство өкілдері тексеріс барысында бір пойыздың өзінен 14 түрлі заңбұзушылық анықтапты. Атап айтқанда, вагондардың іші мен сырты нормаға сәйкес емес, желдеткіштер істен шыққан, ал санитарлық талап мүлдем сақталмаған. Мұндай жағдайда тасымалдаушы компанияларға олқылықты жоюға 10 күн беріледі. Айыппұл да салынған.

Қазір елімізде жолаушы тасымалдайтын 110 пойыз бар. Қойылған талаптарды сақтамай келген компаниялардың енді мемлекет бюджетінен субсидия алуы қиындайды.

«Субсидиялау мәселесі қайта қарастырылады. Жолаушы тасымалдайтын компания өткен жылы қалай жұмыс істеді, қандай ескертулер болды және оның қаншасы жойылды, неше вагон сатып алынды — бәрі ескеріледі. Жолаушыларға қаншалықты сапалы қызмет көрсетсе, субсидияны да соған сай алады», — деді Нұржан Келбұғанов, Темір жол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары.