Мемлекеттік кірістер жүйесіндегі цифрландыру олқылықтары қазақ халқын ұзақ жылдар бойы жылатып келеді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мемлекеттік кірістер жүйесіндегі цифрландыру олқылықтары қазақ халқын ұзақ жылдар бойы жылатып келеді

Мемлекеттік кірістер жүйесіндегі цифрландыру олқылықтары қазақ халқын ұзақ жылдар бойы жылатып келеді

Мемлекетке қарыз болып жүрмес үшін, қолма-қол елу мың теңге алып жүріңіз.

  • 19 Тамыз
  • 7
Фото: ашық дереккөз

«86 теңге пеня» синдромы — барлығы жақсы білетін, біле тұра 10 жылдан бері ешкім шешпеген системалық олқылық. Бұл туралы қаржы маманы Айбар Олжаев жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Дәл осы олқылық мені де, бірнеше мың жалғызбасты (қызметкері жоқ) жеке кәсіпкерлерді биыл да жазалады.

«Биыл қатты ұрды. Жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарнасынан (ОПВР) 1250 теңге қарыз пайда болып, Әуезов аудандық мемлекеттік кірістер басқармасы бейсенбі күні таңертең барлық банк шотымды (Каспи, Центркредит, тб) бұғаттап тастады. Сол кезде бірден әріптесімнің каспиінен жаңағы қарызды пенясымен ескеріп, артығымен төледім. Алайда, зейнетақы және медсақтандыру қорына төлем 3 жұмыс күні бойы жүреді.

Артынша, Мемлекеттік кірістер комитетінің «E-Salyk Azamat» мобильді қосымшасында «управление переплаты» арқылы аударма жасадым. Ол бес жұмыс күні жүреді», — деді ол.

Дәл осы жағдайда, бюджеттен тыс фондтар мен мемлекеттік кірістер жүйесіндегі қаржылық процессингтің дұрыс автоматтандырылмағанын көреміз.

Қазақстанда 2024 жылы төлемнің 3 күннен артық жүруі ол енді нонсенс.

«E-Salyk Azamat» мобильді қосымшасы 10 жылға артта қалып қалған және қазір ол операцияларды автоматты режимде атқармай, тапсырыс ретінде қабылдап, тірі маманға шешім қабылдауға ұсынатын функционалда отырған сияқты. Статьяларға төлемді аудару 5 жұмыс күні тым ұзақ.

Мемлекеттік кірістер комитеті шотты бұғаттау бойынша біраз либерализацияға барған болатын. Қазір салық (ИПН) қарызы бойынша шот толық бұғатталмайды. Тарс жабылып қалатыны тек әлеуметтік төлемдер бойынша қарыз. Мұнда МКК ұстанымы — кәсіпкер өзінің қарамағындағы жұмыскердің әлеуметтік төлеміне салғырт қарамауы керек. Бұл дұрыс ұстаным. Бірақ сепарация керек. Осы ұстанымнан жұмысшысы жоқ, тек өзіне ОПВ, ОПВР, ОСМС төлейтін жалғыз басты кәсіпкерлер көп зиян шегуде. Оларда 500 теңге өз-өзіне қарыз шығып қалып, соның кесірінен 3 жұмыс күні бір тиынсыз, барлық шоты бұғатталған күйі сорлап отырады. Мемлекеттік кірістер комитетіне жұмысшысы жоқ кәсіпкердің әлеуметтік төлем бойынша қарызы пайда болған жағдайда, салықтағыдай шотты толық жаппай, тек сол қарыз сомасын блоктағаны дұрыс. Және оны Жаңа жылға дейін енгізсе деген тілек бар.

«86 теңге пеня» синдромы деген не? Сіз есеп берген күні ОПВ, ОПВР, ОСМС-ке (каспи, халық арқылы) төлем жасайсыз. Ал олар ЕНПФ, ФМС шоттарына 3 күннен кейін ғана түседі. Осы үш күн ішінде шамамен 86 теңге пеня пайда болып, сіздің өміріңізді талқандай бастайды (86 теңге үшін шотыңыз блокталады). Сіз мемлекетке автоматты түрде қарыз болып жүресіз. Және одан құтылу мүмкін емес.

Биыл неге қатты ұрды?

«Жылда тамыз айының басында келетін «86 теңге пеня» синдромын ұмытып кетіппін. Отбасының барлық ақшасы менің шоттарымда шоғырланып тұрған. Ең болмағанда 50 мың теңге қолма-қол ақша ұстау керек едім.

Бейсенбіден бері отбасымды сұмдық экономия режиміне отырғызуға тура келді. Балалардың тісін емдеу, шаштарын қидыру, үйге тамақ алу сынды демалыс күнге жоспарланған барлық жұмыстар күйіп кетті. Ең сорақысы — бензин де бітті. Ертең де осы қамыт мойында болады. Енді банк шоттары тек жұмыс күні, дүйсенбі түстен кейін бұғаттан шығуы тиіс. Оған дейін тырп етпей отырамыз.

Сол үшін үйде кемінде 40-50 мың теңге қолма-қол ақша ұстауға кеңес беремін. Біз әрине, мемлекеттік органдарды асықтырып, бұл синдромды тарих қойнауына жіберуге тырысармыз. Бірақ, сізге де диверсификацияны ұмытпау керек», — деп кеңес берді сарапшы.