Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Zakon.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Айта кетсек, Қарағанды көмір бассейнінде Шахтер күні 1948 жылы атап өтілді. 1948 жылы 27 тамызда бассейн шахтасында кәсіби мерекеге арналған салтанатты жиналыс болып, онда соғыстан кейінгі бесжылдык қорытындысы шығарылды. 1948 жылы 28 тамызда Қарағанды көмірін өндірудегі жетістіктері, шахта құрылысына еңбектің озық тәсілдерін енгізгені үшін қарағандылық 10 шахтерге Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
Биыл бұл кәсіби мереке 25 тамызға сай келіп отыр.
Қазақстанда электр қуатының 70 пайызы көмір арқылы өндіріледі. Барланған көмір қорының басым бөлігі Павлодар, Қарағанды облыстарына тиесілі. Мысалы, Қарағанды облысындағы 8 шахтада биыл 6 млн тоннадан астам көмір өндірілмек. Кенді өлкеде 40 мыңға жуық адам жұмыс істейді.
24 тамызда Қарағанды өңірі бұл мерекеге орай концерт ұйымдастырылып, соңында отшашу атылды.