"Мешітке ағылған жастарды тоқтату керек": Тәңіршілер ресми дін ретінде тіркелмек - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
0 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Мешітке ағылған жастарды тоқтату керек": Тәңіршілер ресми дін ретінде тіркелмек

"Мешітке ағылған жастарды тоқтату керек": Тәңіршілер ресми дін ретінде тіркелмек

Бұл туралы тіркелмеген "Тәңрі елі" республикалық Тәңірлік діни бірлестігі бұқаралық ақпарат құралдарына арналған баспасөз мәслихатында айтты.

  • 26 Тамыз
  • 53
Фото - Caravan.kz

Жиынға діни бірлестіктің ресми өкілдері, Тәңрішілер мен журналистер қатысты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

«Бүгінгі баспасөз мәслихаты Қазақстан Республикасында Тәңрішілдікті дін ретінде ресми түрде Христиан, Ислам, Буддизм және тағысын басқа діни конфессиялармен қатар тіркеу мәселесіне арналады. Кейінгі жылдары Қазақстанда ерте орта ғасырларда бірқатар көне түркі қағанаттары мен империялардың өрлеуі кезеңінде қалыптасқан және мемлекеттік дін мәртебесіне ие болған Тәңірілік дінді ұстанушылар саны барлық жерде артып келеді. Өздерін ашық түрде Тәңрішіл санайтын азаматтардың саны бірнеше жылдың ішінде 1 миллионнан астам адамға жетеді деп күтілуде.

Мойындайтын бір жайт: бүгінде Тәңрішілдіктің тарихи негіздері мен іргелі қағидаларына қатысты халықтың бейхабар болуын пайдалана отырып, жалғантәңрішілдік уағыздар мен жиналыстар түрінде Қазақстан Республикасының тұтастығы мен ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіретін түрлі сектанттық немесе тіпті радикалды ілімдер шын мәнінде ілгерілеуі мүмкін. Бүгінгі таңда Қазақстанның Тәңрілік қауымдастығында тәңрішілердің тұрақты кездесулері үшін өз орны («Тәңрілік» жиналу орындары) жоқ. Ежелгі уақытта Тәңрішлдер белгілі бір киелі (көбінесе шалғайдағы) жерлерде ғұрыптар мен рәсімдерді орындау үшін жиналды, алайда урбанизацияланған қазіргі қоғамда Тәңріліктерді қала ішінде салу қажеттілігі артты. Жеке өз алдына «Тәңрілік» діни бірлестік соңғы кездері қоғамды толғандырып жүрген көптеген мәселелерді ықпал етеді. Сондай-ақ белсенді түрде Тәңрішілдік атын жамылған секталық қозғалыстардың дамуына жол бермейді. Тәңрілік қауым өкілдерінің көпшілігі барлық әлемдік діндерге аса құрметпен қарайды.», — дейді тіркелмеген «Тәңрі елі» діни бірлестігінің жетекшісі Ерлан Еспенбетов.

Ерлан Еспенбетовтың айтуынша, Тәңрішілдіктің ресми дін ретінде танылуы елдегі туризм саласының дамуына да әсер етеді-мыс.

«Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті ретінде белгіленбейді, сондықтан Қазақстанның тәңіршілері еліміздің заңға бағынатын азаматтары ретінде өздерінің діни бірлестіктерін тіркеуге құқылы. Айта кеткен жөн, Тәңрілік қауымдастықтар соңғы онжылдықта түркітілдес елдердің барлығында, және Моңғолия, Венгрия, Румыния, Болгария, Украина және Ресей Федерациясында пайда болған. Кейінгі 20 жылда Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылардың VII съезі ұйымдастырылды, бірақ ресми мәртебенің жоқтығынан Тәңрішілдер өкілдері оған қатыспады. Қазақстан түркі-моңғол әлемінің ең ірі мемлекеттің бірі және көшпелілер өркениеттің мұрагері ретінде Тәңірлік дүниетанымға негізделген дінді тіркеген жағдайда өзін әлемдік қауымдастықта дүниежүзілік Тәңрішілдіктің рухани және діни орталығы ретінде танытуға мүмкіндігі мол. Бұл еліміздің киелі жерлеріне діни-қажылық туризмін дамытуға оң әсерін тигізеді», — дейді ол.

Жиынға қатысушылар да өз ойларын ортаға салды. Солардың бірі — Дана Мейірбекова есімді Тәңріші. Ол мешітке ағылған жастарды тоқтату керек дейді.

«Жаңа мен Жандосов көшесінде 4 мешіттің қасынан өттім. Жастармыздың бәрі сонда жүр. Тоқтату керек. Жерге жатып, біреудің Құдайына табынып жатыр. Мен жылап жібере жаздадым. Қазір сіздерді тыңдап қуанып отырмын. Бізге кішкентайымыздан мұсылмансың деп өсірді, біз соған сеніп жүре бергенбіз. Есейе келіп, салыстырдық. Кезінде бізді басып тастады, соны қайтадан жаңғыртып, бірігіп, білмегендеріңде үлкендерден сұрап, жұмыс істеу керек», — дейді Дана Мейірбекова.

Тәңрішілер мен ислам дінінің өкілдері, діни ұстаздар арасында келіспеушіліктер жиі орын алатыны белгілі. Осы ретте Тәңрілік діннің өкілдері «Ресми дін ретінде тіркелу барысында мұсылмандар тарапынан қандай да бір қысым сезіле ме?» деген сұраққа да жауап берді.

«Біз Исламисттерді жау ретінде көрмейміз. Ал, олар бізді жау көріп, жек көруге құқылы. Өйткені, әр адамның өз ойы, пікірі бар. Діни ұйым ретінде біз ешқандай дінге қарсы шығып жатқан жоқпыз, ешкіммен күреспейміз. Біз күресу емес, бірігу жолындамыз. Тәңрішілерде ар намыс қағидалары бар, біз сол бойынша жүреміз. Ресми дін ретінде тіркелу жұмыстары барысында исламисттер тарапынан кедергілер мен қысым болып жатқан жоқ», — дейді «Тәңрі елі» ұйымының мүшесі Руслан Нурханов.

Сөз соңында, діни бірлестіктің белді мүшелері мен жетекшесі діни бірлестікті ресми түрде танудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелері қаралып жатқанын айтып, көпшіліктен қолдау күтетіндерін айтты.

«Сіздерден Тәңрішілдіктің мәртебесіне қатысты біздің көзқарасымызды азаматтық қоғам мен Қазақстан Республикасының басшылығына таратуыңызды және мүмкіндігінше «Тәңрі Елі» Тәңрілік Діни Бірлестігін ресми тіркеу жөніндегі бастамамызды «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы № 483-IV Заңына сәйкес қолдауыңызды сұраймыз.

Тәңрі Елі атауы кездейсоқ алынған жоқ, ол көне түркі деректерінде кездеседі, тікелей мағынасы «Тәңрі құдайы сақтаған мемлекет» ұғымын білдіреді, сондықтан осы ұйымды белгілеу үшін таңдалды. Қазір біз «Тәңрі Елді» ресми түрде танудың ұйымдастырушылық-құқықтық мәселелерін пысықтап жатырмыз. Біз қазір Әділет министрлігіне құжат дайындап жатырмыз. Біз қазір қол жинап жатырмыз. Республикалық ұйым құру үшін әр облыстан, және республикалық маңызы бар қалалардан 300 қол жинау керек. Қазір діни ұйымның жарғысын дайын, тек қол жинау қалды», — дейді олар.