Балқия өзінің мансабын К.Бәйсейітова атындағы ұлттық опера және балет театрында бастады. Бір жылдан кейін Германияға қоныс аударып, Theater Kiel, Badisches Staatstheater Karlsruhe, Tiroler Landesthheater Innsbruck сынды театрда өнер көрсетті. Оның репертуарында Сэр Кеннет Макмиланның «Джульетта», Дэвид Доусонның «Жизель», Бриджит Брейнердің «Золушка», сондай-ақ хореографтар Н.Дуато, Х.Ван Манен, И.Килиан, В.Шольц, Г.Тэтли, К.Марстон және басқа да көптеген қойылым бар.
Биыл жыл басында Дюссельдорфтағы Рейн мемлекеттік опера және балет театрынан (Deutsche Oper am Rhein) шақырту алды. Ал осы аптада ресми түрде сол театрдың солисі атанды.
— Өмір жолымның бастауында маған қолдау көрсеткен Қорға шексіз ризамын. Жас артистердің, ғалымдардың, инженерлердің армандарының орындалуы өте маңызды және Қор сол мүмкіндікті береді. Болашағыма ғана емес, даму мен арманын жүзеге асырудың жолын іздегендердің барлығына қосқан үлесі үшін рахмет. Сіздердің Балқияларыңыз! — деді дарынды артист.