Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін алғашқы қоңырау мектеп табалдырығын енді аттаған 28 мың оқушыға арнап соғылды! Мектеп оқушыларының алдында маңызды міндет тұр – баға үшін емес, білім үшін оқу! Тынымсыз еңбекпен ғана үлкен табысқа жетуге болады. Алда сіздерді өмірдің жаңа әрі жауапты кезеңі күтіп тұр! – дейді ол.
Жеңіс Қасымбектің өзі бүгін Сарыарқа ауданында жаңадан ашылған №106 жайлы мектепке барған. Ол 2 ауысымда 4 мың оқушы орнына есептелген.
Қалада 1 қыркүйек күні 15 жаңа мектеп ашылған. Олардың тоғызы Мемлекет басшысының «жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында, тағы екеуі – мемлекеттік және төртеуі – жекеменшік мектеп. Аталған оқу орындары екі ауысымда 28 мың оқушы орнын ашуға мүмкіндік берді.
Мәселен, 9 жайлы мектеп мына мекенжайларда орналасқан: Көктал елді мекені, Ұлытау-Наурыз көшелерінің қиылысы; А. Байтұрсынов көшесі, №9 үй ауданы («Highvill» ТК); Тельман елді мекенінің оңтүстік тұсы (Бағыстан); С-189 және 12-207 көшелері (Земляничная көшесі); Төле би және Е758 көшелері (Сеул және Зеленый квартал ТК ауданы); Орынбор және №37 көшелері («SOHO» ТК ауданы); Мәңгілік Ел даңғылы және Е497 көшесі (мешіт ауданы); Қабанбай батыр даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысы («Поколение» ТК); Төле би — 24 көшелері (Барыс Арена).
Жаңа мектептер 3 ауысымды 5 мектептің және тығыздалығы жоғары 4 мектептің қиындықтарын шешуге мүмкіндік берген.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін тағы 8 мектеп ашамыз. Оның 6-ауы «Жайлы мектеп» жобасы бойынша. Мектептер қаланың барлық ауданында орналасқан.