”Қарыз үшін ажырасып кеткен адамбыз”: Мереке Қалбаева 200 млн қарызға батқанын күйеуінен жасырған - kaz.caravan.kz
  • $ 494.87
  • 520.65
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Қарыз үшін ажырасып кеткен адамбыз”: Мереке Қалбаева 200 млн қарызға батқанын күйеуінен жасырған

”Қарыз үшін ажырасып кеткен адамбыз”: Мереке Қалбаева 200 млн қарызға батқанын күйеуінен жасырған

Танымал блогер, актриса Мереке Қалбаева 200 млн-ға жуық қарызы барын айтты.

  • 2 Қыркүйек
  • 417
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, бұл қарыздан күйеуі Арсен бейхабар, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

”Осы нәрсе маған жүк болып кетті. Әрдайым осы істеп жатқан нәрселерімді Арсеннің білмегені маған бататын еді. Негізі Арсен тастамайды ғой. Құдай сақтасын, ажырасып та кетпеймін. Бірақ, білмеймін. Себебі, біз 3,5 млн-ға ажырасып кеткен адамбыз. Ажырасып, қосылған… Қазір не болатынын да елестете алмаймын”, — дейді ол.

Блогер күйеуінен жасырған құпиясын түсінбеген оқырмандарына 200 млн-ға қарызға батқанын жазған.