"Шок болып отырмын": Алтынай Жорабаева тағы бір сүйінші жаңалығымен бөлісті - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Шок болып отырмын": Алтынай Жорабаева тағы бір сүйінші жаңалығымен бөлісті

"Шок болып отырмын": Алтынай Жорабаева тағы бір сүйінші жаңалығымен бөлісті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева өзінің оқырмандарына тағы бір сүйінші жаңалықты жеткізді.

  • 2 Қыркүйек
  • 841
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz. медиа порталы хабарлайды.

Алтынай Жорабаева бұл туралы өзінің желідегі парақшасында жариялады.

«Аллаға мақтаулар мен мадақтар! Шок болып отырмын. Өткенде BFSU -ға шақырту алып еді ғой.

Енді осы MINZU UNIVERSITY OF CHINA -дан Шақырту келіп, Аяулымда осы екі университетке таңдау тұр. Қазір осы MINZU университетін қарап жүрміз . Содан кейін BFSU -ге барамыз дейді. Салыстырып қараған соң, шешім қабылдаймын дейді. Қазақстандағы Қытай елшілігіне мың алғыс. Бас елшінің :” Екі елдің достығы үшін , болашақ ұрпақ жақсы білім алуы тиіс” деп , бар көмегін аямады.

Әрине, менің бауырымдай болып кеткен Гүлсінайыма алғысым шексіз.

Алла көп көрмесінші! Не деген бақыт! Не деген қуаныш! Алла ұрпағымызбен мақтануды жазсын! Тілек-ниеттеріңіз еселеп қайтсын өздеріңізге», — деп жазды әнші.