Алматы тауларына қар түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 478.93
  • 534.96
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қыркүйек
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы тауларына қар түсті

Алматы тауларына қар түсті

Бүгін қалада ауа райы бұлтты, күні бойы жаңбыр жауды. Таулы аймақтарға қар түсті

  • 2 Қыркүйек
  • 1
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы baq.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Шымбұлақ» тау-шаңғы курортының базалық бекеттерінде орнатылған бейнекамералар Богданович мұздығын қар басып қалғанын желіде көрсетті.

Іле Алатауының орта таулы және биік таулы аймақтарында, атап айтқанда, 2500 метрден жоғары биіктікте жауын-шашын түсті: жаңбыр бұрқасынға айналған. Синоптиктердің айтуынша, бұған солтүстік-батыстағы суық ауа мен атмосфералық фронт себеп болған.

Бұған дейін «Қазгидромет» Қазақстанның басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған еді, сондай-ақ еліміздің кейбір аймақтарында жаңбыр жауып, үсік жүреді деп болжаған болатын.