”Салмағымды ауыстырдым”: Нұрқанат Серікбаев Сметов күресетін салмақтан кете ме - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
”Салмағымды ауыстырдым”: Нұрқанат Серікбаев Сметов күресетін салмақтан кете ме

”Салмағымды ауыстырдым”: Нұрқанат Серікбаев Сметов күресетін салмақтан кете ме

Дзюдодан кадеттер арасындағы әлем чемпионы, Тбилисидегі Grand Slam турнирінің жеңімпазы Нұрқанат Серікбаев салмақ ауыстыруға қатысты өз ойын білдірді.

  • 3 Қыркүйек
  • 13
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Olympic.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Қазан айында Загребте (Хорватия) өтетін Гран-при турнирінде Серікбаев 66 келі салмақта сынға түседі. 

«Салмағымды уақытша ауыстырдым. Тек белгілі бір жарыстарда ғана 66 келіде күресемін деп шештім. Бірақ нақты шешім қабылдағаным жоқ.

60 келіден түбегейлі кетіп қалдым деп айтпаймын. Әлі белгісіз. Уақыт өте келе көрерміз», — деді Нұрқанат. 

Еске салайық, 60 келі салмақта Қазақстан командасының үздігі Елдос Сметов саналады. 

Ол Париждегі Олимпиада ойындарында чемпион атанса, Рио (2016) және Токио (2020) Олимпиадаларында күміс және қола медаль жеңіп алған.