Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Халықаралық бағдарламалар орталығына сілтеме жасап хабарлайды.
120 адам – магистратура, 6 адам — докторантура бағдарламалары бойынша оқудан өтеді, ал 24 қазақстандық әлемнің жетекші жоғары оқу орындары мен өндірістік орталықтарына кәсіби тағылымдамадан өтуге жіберіледі.
Дайындықтың басым бағыттарына ерекше назар аударылды-стипендиялардың үштен екісінен астамы жаратылыстану-техникалық пәндер бойынша бөлінді. Жеңілдікті санаттар бойынша 22 адам шетелде білім алады.
Үміткерлер Harvard University, Imperial College London, University of Pennsylvania, University of Melbourne, Columbia University , Johns Hopkins University, University of Bristol сияқты әлемдік рейтингтердің топтарына кіретін университеттерге түсті. Ең танымал мамандықтар: ақпараттық технологиялар мен жүйелер, жасанды интеллект және киберқауіпсіздік, көлік технологиялар және логистика, қоғамдық денсаулық сақтау, неонатология және хирургия, үлкен деректерді талдау, құрылыс, геология және тау-кен ісі, металлургия, қаржы технологиясы, урбанистика және математика.
Орталық әлемдік стандарттарға сәйкес келетін мамандарды даярлаудың жоғары сапасын қамтамасыз ету үшін кандидаттарды конкурстық іріктеуге ерекше назар аударады.
Сондай-ақ, 33 қазақстандыққа әлемнің жетекші ғылыми-зерттеу орталықтарында экономика үшін аса маңызды бағыттар бойынша ғылыми тағылымдамадан өтуге гранттар бөлінді. Үміткерлер келесідей жетекші университеттер мен ұйымдарда ғылыми тағылымдамадан өтеді: University of Oxford, King’s College London, University of California, Davis, University of Illinois at Urbana-Champaign, University of Minnesota, Twin Cities, CNRS, University of Sussex, Technische Universitat Dresden және т.б. Ең танымал бағыттар – инженерия және технология, әлеуметтік және жаратылыстану ғылымдары, сондай-ақ медицина мен денсаулық сақтау.
Тізім: