Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Қазақстанда АЭС салуға қатысты пікірін білдірді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Қазақстанда АЭС салуға қатысты пікірін білдірді

Атом энергетикасы жөніндегі халықаралық агенттіктің бас директоры Қазақстанда АЭС салуға қатысты пікірін білдірді

Білдей МАГАТЭ-нің басшысы Қазақстанда атом энергетикасын дамыту қажет екенін айтып отыр. Бұған қабілетіміз де, қауқарымыз да жететінін алға тартады.

  • 5 Қыркүйек
  • 6
Фото: ашық дереккөз

МАГАТЭ деген ұйымды бәріңіз білетін шығарсыздар. Әлемдегі атом энергетикасына қатысты бүкіл мәселеге жауапты мекеме. Осы ұйымның бас директоры Рафаэль Гросси 24.kz арнасына сұхбат берген екен. Атом энергетикасына, Қазақстанда АЭС салуға қатысты пікірін білдіріпті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Гросси мырзаның айтуынша, атом энергетикасы шартараптағы электр энергиясына қажеттілікті қамтамасыз етуден бөлек, жаһандық жылынуға қарсы күрес үшін қажет. Көміртегі бейтараптығына және зиянды шығарылым көлемін айтарлықтай азайту үшін атом энергетикасынан басқа шығатын жол жоқ екені ғылыми дәлелденгенін мысалға келтіріпті. Сондықтан қазір әлемнің түкпір-түкпірінде АЭС салуға қызыққан елдер саны артып келеді. Тіпті, мұнай мен газға бай Парсы шығанағы елдері де атом энергетикасына қызығып отыр.

Қазақстан жағдайына келсек, Гросси мырза елімізде атом энергетикасын бүге-шігесіне дейін білетін мамандар жеткілікті деп есептейді. Техникалық базасы да қалыптасқанын айтып отыр. Осы орайда, МАГАТЭ бүкіл мәселе бойынша көмек қолын созуға дайын екенін жеткізді.

Сол секілді ұйым басшысы Қазақстан кейсін басқа елдермен салыстыруға келмейтінін алға тартады. Өйткені еліміз сонау атом дәуірі басталғаннан бері бұл мәселемен жақсы таныс. Яғни, тарихи тұрғыда атом энергетикасымен байланысымыз бар. Соған қарамастан әлі күнге дейін АЭС салынбағанына таңырқайды. Бұдан бөлек, Қазақстанда төмен байытылған уран банкі бар. Кез келген жағдайда еліміз аталған банкіден уран таблеткаларын пайдалана алады.

Сонымен қатар МАГАТЭ сарапшылары мен мамандары Қазақстанда бақылау жүргізгенін, нәтижесінде еліміз дербес атом энергетикасын дамытуға қауқары бар деген ұйғарымға келгенін айтады. Қауіпсіздік мәселесіне де тексеру жүргізіп, оң бағасын беріпті.

Білдей МАГАТЭ-нің басшысы Қазақстанда атом энергетикасын дамыту қажет екенін айтып отыр. Бұған қабілетіміз де, қауқарымыз да жететінін алға тартады. Ал, бұған не дейсіздер?