Турнир 20-30 қыркүйек аралығына жоспарланған. Құрлықтық додаға Азияның 40 елінен 500-ден астам спортшы қатысады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жарыстың басты мақсаты — ату спортының танымалдығын арттыру, спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, спортшылардың рейтингін анықтау, жаттықтырушылар мен төрешілердің кәсіби біліктілігін арттыру.
Айта кетелік, стенд атудан Қазақстан құрамасы Париж Олимпиадасында жүлдеге іліккен жоқ.
Олимпиадада Қазақстан намысын үш спортшы қорғаған болатын.